Жарнама
Жарнама

Grand Slam: қазақ дзюдошылары оңбай жеңілді

Редактор
28.11.2025, 16:59

Бұл нәтиже жанкүйерлердің көңіліне күдік ұялатты

ҰОК

Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam кезеңі қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз басталды. Себебі ұлттық құраманың бір де бір мүшесі финалдық бөлімге өте алмады.

Тәуір өнер көрсетті деп тек Аман Бақытжанды айтуға болады. Ол жұбаныш белдесуінде түрік дзюдошысы Салих Илдызға есе жіберді.

Қалған балуандардың нәтижелері мынадай:

60 кг: Мағжан Шамшадин – бірінші белдесуде жеңілді.
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев – екінші белдесуде тоқтады.
66 кг: Нұрқанат Серікбаев – екінші белдесуде ұтылды.

Бұл нәтиже жанкүйерлердің көңіліне күдік ұялатқаны рас. Көпшілік әсіресе Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен тәжірибелі Мағжан Шамшадиннен жүлде күткен еді. Алайда екеуі де алысқа бармады. 

Нұрқанат Серікбаевқа салмақ ауыстыру әсер етсе керек, себебі ол 60 келіден 66-қа өтті. Ал қалған екі балуан ұзақ үзілістен соң бабына еніп үлгермеген тәрізді. Маусым айында Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін олар Ұланбатырдағы Grand Slam-ға (шілде) да,  Циндаода (қыркүйек), Лима мен Гвадалахарадағы (қазан) Гран-при  жарыстарына да қатысқан жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: