Жарнама
Жарнама

Qazaqstan Barysy-2025 чемпионы Grand Slam-де жеңіліп қалды

Редактор
30.11.2025, 14:40

Ол алғашқы белдесуінде жеңілді. 

ҚР ҰОК

БАӘ-дегі Grand Slam кезеңі қазақстандық балуандар үшін сәтсіз өтіп жатыр.

100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен «Qazaqstan Barysy-2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамыров алғашқы белдесуінде-ақ Нидерланд спортшысы Симеон Катеринге жол берді.

Осы санатта күрескен тағы бір отандасымыз Нұрлыхан Шархан да бірінші кездесуінде Сербия балуаны Александар Куколден жеңілді.

+100 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Еламан Ерғалиев те жарысты ерте аяқтады. Ол Бахрейн атынан сынға түсіп жүрген, бұрын Ресей намысын қорғаған балуан Азамат Чорчаевқа есе жіберді.

Әзірге Ермахан Әнуарбеков қана жарыс жолын жалғастыруда. Биылғы Азия чемпионатында төртінші орын алған Әнуарбеков 1/8 финалда Әзербайжан спортшысы Аслан Коцоевті жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі қарсыласы – қазір Сербия құрамында бақ сынап жүрген бұрынғы ресейлік дзюдошы Ислам Шогенов.

Реклама
Реклама