Ертең финалда Әлішер Ерғали шымкенттік Жохар Узаровпен күш сынасады.
1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары бозкілемге шықты.
Жарыстың алғашқы күнінде күтпеген оқиға болды. Еркін күрестен елге танымал балуан, екі мәрте Олимпиада қатысушысы Әлішер Ерғали грек-рим күресіне ауысып, сенсация жасады.
130 келі салмақта белдескен Ерғали жаңа стильдегі дебютінде-ақ финалға дейін жетті. Жартылай финалда ол осы салмақтағы ұлттық құраманың көшбасшысы Әлімхан Сыздықовпен кездесіп, 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті.
Ертең финалда Әлішер Ерғали шымкенттік Жохар Узаровпен күш сынасады.
Әлішер Ерғалидің жетістігі: