Жарнама
Жарнама

Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы жылдың қорытынды жарысында құлап қалды

Редактор
04.12.2025, 17:38

Сонымен қатар тағы бір элементті орындау кезінде қателік жіберіп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды

ҰОК

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалы басталды. Маусымның ең мықты алты спортшысы жиналып, үздігін анықтауда.

Олардың қатарында екінші рет қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қорытынды жарысқа жолдама алды. Алматылық спортшы жеребе бойынша итальялыққ Даниэль Грасслден кейін екінші болып мұз айдынға шықты.

Алайда, әлем чемпионатының күміс жүлдегері қысқа бағдарламаның басында құлап қалды. Сонымен қатар тағы бір элементті орындау кезінде қателік жіберіп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Қысқа бағдарламаның нәтижелері (ерлер):

  1. Юма Кагияма (Жапония) – 108,77
  2. Шун Сато (Жапония) – 98,06
  3. Илья Малинин (АҚШ) – 94,05
  4. Даниэль Грассль (Италия) – 94,00
  5. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 78,49
  6. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 71,30

Спортшылардың еркін бағдарламасы 6 желтоқсанда өтеді.

Реклама
Реклама