Жарнама
Жарнама

Әлем біріншілігінде жүлдесіз қалған Жәмила Бақбергенова ел чемпионы атанды

Редактор
05.12.2025, 14:47

Ол финалда Шәмшиябану Тастанбекті жеңді

ҰОК

Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан ел чемпионатында Жәмила Бақбергенова кезекті рет топ жарды.

Әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері бұл сында 72 келіде белдесіп, барлық қарсыластарынан сенімді түрде басым түсті.

Ол финалда Шәмшиябану Тастанбекті жеңіп, ел чемпионы атанды. Аталған салмақта қола жүлде Зейнеп Еламас пен Мейрамгүл Мақсоттың еншісіне бұйырды.

Айта кететін жайт, Жәмила Бақбергенова биыл Хорватияда өткен әлем чемпионатында жүлдесіз қалған еді. Ол бұл біріншілікте қырғызстандық Жұлдыз Нұртаевдан жеңілген.

Жәмила Бақбергенова бұған дейін әлем чемпионаттарында 4 рет жүлде иеленді. 72 келіде күресетін ол 3 рет күміс, 1 мәрте қола жүлдеге қол жеткізген.

Реклама
Реклама