Жарнама
Жарнама

«Бір салмақта Олимпиаданың 4 чемпионы»: Хасан Яздани Садулаевтың салмағына ауысты

Редактор
14.12.2025, 11:26

Парсының даңқты балуаны бұған дейін үш Олимпиадада белдесті

Getty Images

Иранның еркін күрестегі аса танымал балуаны Хасан Яздани Париж Олимпиадасынан кейінгі ұзақ үзілістен соң бозкілемге қайта оралды. Ол 1 жарым жылға жуық емделіп, 97 келі салмақ дәрежесіне ауысты.

Ол Тегеранда өткен турнирде жаңа салмақта белдесіп, финалда өзінің отандасы Абофазл Бабалуганы 10:0 есебімен жеңген.

Парсының даңқты балуаны бұған дейін үш Олимпиадада белдесті. Ол Рио Олимпиадасында 74 келіде чемпион атанса, Токио мен Парижде 86 келіде белдесіп, күміс жүлдегер атанған.

Ол бұдан бөлек, әлем чемпионатының 3 мәрте жеңімпазы, 3 рет күміс жүлде иеленсе, бір рет қола медальға қол жеткізген.

Айта кететін жайт, Хасан Яздани ауысқан 97 келіде одан бөлек тағы Олимпиаданың үш чемпионы өнер көрсетеді. Олардың қатарында екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев, Рио Олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдер (АҚШ) және бахрейндік Ахмед Тажудинов (Париж-2024) бар. Бұған дейін Язданидің 92 келіде күресетіні туралы мәлімет тараған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: