Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионатында финалға шыққан дзюдошы Ақтөбеде жеке залын ашты

Редактор
15.12.2025, 11:41

Рустам Ибраев ҚР ұлттық құрама сапында бірнеше жыл күрескен спортшы

instagram.com/ibrayev_judo_centre

Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев Ақтөбе қаласынан жеке дзюдо залын ашты.

Бұл туралы балуан жанкүйрлеріне ақжолтай хабарды жеткізіп, сүйінші сұрады.

«Достар, қуанышты жаңалық - дзюдо залы ашылды! Балалар мен ересектерге қабылдау жүргізілетін болады. Қатысушының дайындық деңгейі маңызды емес. Жаттығуға келіп, күшті әрі шыныққан болыңыздар! Баршаңызды күтеміз!», - деп жазды балуан.

Айта кетейік, Рустам Ибраев ҚР ұлттық құрама сапында бірнеше жыл күрескен спортшы. Ол 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, финалда Сметовке шидо саны бойынша есе жіберген еді.

Сонымен бірге, ол 60 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы атанған жапониялық Наохиса Такатоның Дюссельдорф Гранд Слэмінде жеңіп, жанкүйерлер сүйіспеншілігіне бөленген болатын.

 

Реклама
Реклама