Жарнама
Жарнама

Лос-Анджелес Олимпиадасына спортшыларды қалай іріктейтіні анықталды

Редактор
17.12.2025, 16:11

26 спорт түрі мен дисциплина бойынша іріктеу ережелері мақұлданд

әлеуметтік желі

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы іріктеу жүйелерін ресми бекітті.

Лозаннада (Швейцария) өткен отырыста 26 спорт түрі мен дисциплина бойынша іріктеу ережелері мақұлданды. Олардың қатарында бадминтон, баскетбол, 3х3 баскетбол, BMX, велоспорттың бірнеше бағыты (шоссе, трек, маунтинбайк), байдарка мен каноэде есу, ат спорты (конкур, ат үйрету, үшсайыс), семсерлесу, гандбол, көгалдағы хоккей, дзюдо, қазіргі бессайыс, жүзу, ашық суда жүзу, регби-7, желкенді спорт, оқ және стенд атудан ату, таэквондо, волейбол және жағажай волейболы бар.

Қалған спорт түрлері бойынша іріктеу жүйелері 2026 жылдың басында ХОК Атқарушы комитетінің қарауына ұсынылады деп жоспарланған.

Көпшілік спорт түрлерінде Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу бұрынғы Олимпиада ойындарында сәтті қолданылған, тексерілген модельдерге негізделмек.
Айта кету керек, Олимпиада-2028 іріктеу жүйесі спортшыларға кемінде екі түрлі жолмен жолдама жеңіп алу мүмкіндігін қарастырылып отыр.

Реклама
Реклама