24 жастағы спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері, ресейлік балуан Шамиль Мамедов спорттық азаматтығын ауыстырып, енді Болгария құрамасының намысын қорғайтын болды.
24 жастағы спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Келесі маусымнан бастап Болгария құрамасының атынан өнер көрсетемін деп шештім. Маған көрсетілген сенім мен Болгария үшін күресуге берілген мүмкіндікке үлкен алғыс айтамын. Үмітті ақтау үшін бар күшімді саламын», - деп жазды ол.
Сондай-ақ балуан Ресейдің Спорттық күрес федерациясына, бапкерлер құрамына және бірге жұмыс істеген барлық спортшыларға алғысын білдірген.
Бұған дейін Ресейдің күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили балуандарға азаматтық ауыстыруға шектеу қойылғанын айтқан еді. Алайда ол азаматтық ауыстырған Мамедовтің Болгарияға ауысуына «қатаң түрде талап қойғанын» алға тартты.
«Мұндай азаматтық ауысулар болды және бола береді. Мұнда ұлттық құраманың мүддесі мен спортшының жеке мотивациясы маңызды. Мамедов - қабілетті балуан, өткен олимпиадалық циклде ұлттық құрамаға іріктелген», - деді Мамиашвили ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шамиль Мамедов 2023 жылғы әлем чемпионатының 65 келі салмақ дәрежесіндегі қола жүлдеге ие болған.