Жарнама
Жарнама

Ресейлік жасөспірімдерге ту-әнұранмен өнер көрсетуге рұқсат берілді

Редактор
22.12.2025, 16:42

Аталған шешім 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енетін болады

championat.com

Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) ресейлік жасөспірім спортшыларға өз турнирлерінде Ресей туы мен мемлекеттік әнұранын пайдаланып өнер көрсетуге қайтадан рұқсат берді.

Алдағы уақытта санкция шырмауында жатқан Ресейдің жасөспірімдері енді аталған спорт бойынша өз туымен сынға түседі.

«Халықаралық ат спорты федерациясының атқару комитеті соңғы отырысында пони санатындағы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы FEI жарыстарына ресейлік спортшылардың ұлттық туы мен әнұранын пайдалана отырып қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдады», - делінген федерация мәліметінде.

Аталған шешім 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енетін болады. Бұл ереже Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиада ойындарында да қолданылады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқару комитеті халықаралық федерацияларға ресейлік және беларусьтік спортшылардың халықаралық жасөспірімдер жарыстарына жеке және командалық спорт түрлерінде қатысуына қойылған шектеулерді алып тастауды ұсынған.

Айта кететін жайт, жақында Халықаралық дзюдо федерациясы (ІJF) ресейлік балуандарға ту мен әнұрандары арқылы қатысуға рұқсат еткен болатын.

Реклама
Реклама

Материалда: