Жарнама
Жарнама

Ресейліктер Сабина Алтынбекованың жеке өмірін талқыға шығарды

Редактор
Бүгін, 16:43

Ресейлік БАҚ волейболшының есімін ерекше тізімге қосты

әлеуметтік желі

 

Жыл қорытындысын жасап, әлемнің танымал спортшыларының өміріне шолу жасаған «Спорт-экспресс» басылымы қазақстандық волейболшының өмірін назардан тыс қалдырмай, «жыл ажырасуы» деп бағалады.

2025 жылы әлемге белгілі спортшылар арасындағы ажырасу тізіміне футболшы Бастиан Швайнштайгер мен бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Ана Иванович, рэпер Cordae мен теннисші Наоми Осака, әйгілі бапкер Хосеп Гвардиола мен оның бұрынғы жұбайы Кристина Серра бар сынды адамдар енген.

Азияның ең сұлу спортшысы атанған Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлымен шаңырақ көтерген еді. Бір жылдан кейін олардың отбасында ұл бала дүниеге келіп, алайда волейболшының бақытты отбасы құра алмағаны белгілі болды.

«Ерлі-зайыптылар арасындағы қиындықтар 2023 жылдан басталған. Сол кезде Сабина әлеуметтік желідегі парақшасынан жұбайымен түскен барлық ортақ суреттерін өшіріп тастаған. Бұл шешімін ол жанкүйерлеріне «көз тимесін» деген ниетпен түсіндірген еді. Бірнеше жыл бойы Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлы отбасын сақтап қалуға тырысқанымен, бұл әрекеттер нәтиже бермеді. 2025 жылдың наурыз айында қазақстандық волейболшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, кәсіпкермен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді», - деп жазды «Спорт-экспресс».

Сондай-ақ, ресейлік БАҚ волейболшының желідегі жазбаларынан мысал келтірген.

«Басқалардың пікірі өз даусыңнан да қатты естілетін бұл әлемде өз-өзіңе адал болу – нағыз асыл қасиет. Бұл сыртқы ықпалға қарсы тұру ғана емес, шынайы күштің көрінісі. Әйел адам тек өзін тыңдауға шешім қабылдағанда, өз жанының мәнімен үндестік табады. Бұл – эгоизм емес, өзіңе деген терең махаббат пен құрмет. Онсыз ішкі тыныштық та, үйлесім де мүмкін емес», – деп жазған болатын спортшы спортшы.

Отандық волейбол шебері 2024-2025 жылғы маусымда Индонезияның «Yogya Falcons» клубының капитаны болған еді.

Реклама
Реклама