Енді клубты Даррен Флетчер уақытша басқарады
Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкер Рубен Аморимді қызметінен босатқанын ресми хабарлады.
Аморим команданы 14 ай бойы жаттықтырып, оны Еуропа лигасының финалына шығарған. Алайда финалда «Тоттенхэмге» 0:1 есебімен жеңілген еді. Сонымен бірге, АПЛ-де МЮ 15-орынды иеленген.
Аморимнің жетекшілігіндегі соңғы матч 4 қаңтарда «Лидспен» қарсы өтіп, 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, 20 тур ойындарынан кейін МЮ АПЛ кестесінде 6-орында жайғасты.
Енді клубты Даррен Флетчер уақытша басқарады. Ол осыған дейін жастар құрамасын жаттықтырған. МЮ-дің келесі ойыны 7 қаңтарда "Бернлиге" қарсы өтеді.
The Athletic басылымының жазуынша, МЮ Аморимге 2027 жылға дейінгі келісімшарт бойынша барлық қаржысын төлемек.
Айта кетейік, қаңтар айының басында «Челси» Энцо Марескиді бас бапкерлік қызметтен босатқан еді.