Ресей мен Беларусь спортшыларын қатыстырудан бас тартқан: Эстония Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Редактор
Бүгін, 21:06

Аламан биыл жазда өтеді.

Reuters

Еуропалық семсерлесу конфедерациясы (EFC) 2026 жылғы Еуропа чемпионатын Эстония астанасы Таллиннен Францияға көшіру туралы шешім қабылдады. Бұған Эстония билігінің Ресей және Беларусь спортшыларына виза беруге және ел аумағына кіруге кепілдік беруден бас тартуы себеп болды. Атлеттердің бейтарап ту астында өнер көрсететіні де елдің ұстанымын өзгерте алмаған.

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) жарысты ұйымдастырушылардан барлық спортшыға тең мүмкіндік пен бөліп-жармай қатысу қағидатын қамтамасыз ету жөнінде жазбаша кепілдік талап еткен. Алайда бұл талап Эстонияның визалық саясатына қайшы келіп, ресми Таллин мұндай міндеттемені өз мойнына алудан бас тартқан.

Нәтижесінде, бастапқыда 2026 жылдың 16-21 маусым аралығында Таллинде өтуі тиіс болған құрлық біріншілігі басқа елге – Францияға ауыстырылды. Ал Ресей мен Беларусь спортшылары бейтарап мәртебеде жарыстарға қатысу құқығын сақтап қалды.

Реклама
Реклама