Алан Құрманғалиев Қатарда екі медальға ие болды

Редактор
26.01.2026, 10:20

Отандасымыз жартылай финалға дейін жетті

ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде екі мәрте жүлдегер атанды.

Жекелей сында қазақстандық спортшы бес мәрте жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол командалық жарыстарда жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абхинандх Прадхивадхиге (Үндістан) жол берді. Осылайша Алан жартылай финалға жеткенінің арқасында қола жүлде алды.

Сондай-ақ Алан жұптық сында да үшінші орынға ие болды. Ол бұл жарыста Литва өкілі Игнас Сисановаспен бірге өнер көрсетті.

Реклама
Реклама