Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Рамзан Қадыровтың ұлы қатыспаған жарысы үшін де медаль алды (ВИДЕО)

Редактор
09.02.2024, 09:42

Небәрі 16 жастағы бозбала 9 түрлі мемлекеттік марапат алған

Эхо Москвы

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Дубайда арнайы жасақ өкілдері арасында өткен UAE SWAT Challenge 2024 жарысының алтын медалін иеленді. Дегенмен, Адамның өзі бұл жарысқа қатыспаған.

Шешен парламентінің төрағасы Магомед Даудов өзінің Telegram-каналында кіші Қадыровқа аталған медальдың не үшін берілгенін түсіндірді. Оның сөзінше, Адам «Ахмат» деп аталатын шешен командасына қолдау көрсеткен екен.

Даудов сондай-ақ, Адам Қадыровтың медальды бірінші болып таққан сәтінің видеосын да жариялаған. 16 жастағы бозбаланың қуанышында шек жоқ.

Айта кету керек, Рамзан Қадыровтың ұлы бұған дейін тоғыз рет түрлі атақпен марапатталған. Олардың қатарында «Шешенстан Республикасының батыры» деген медалі де бар.

2023 жылдың қарашасынан бері Адам Қадыров мемлекет басшысының қауіпсіздік қызметін басқарады.

Жарнама
Жарнама