Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді
Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасы аясында аралас жұптар арасындағы керлинг турнирі басталды.
Аталған турнир аясында төрт матч өтті. Кездесулер Швеция - Оңтүстік Корея, Канада -Чехия, Эстония - Швейцария және Ұлыбритания - Норвегия құрамалары арасында жалғасты.
Айта кететін жайт, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді.
Ал 5 ақпанда Олимпиада аясында аралас жұптар арасындағы керлинг жарыстарының жалғасы, әйелдер арасындағы хоккей турнирінің топтық кезеңіндегі төрт ойын Швеция - Германия, Италия - Франция, АҚШ - Чехия, Финляндия – Канада арасында және сноубордшылардың биг-эйр дисциплинасы бойынша іріктеу жарыстары жоспарланған.