2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды

Редактор
05.02.2026, 17:26

Бұған дейін Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген болатын

Getty sport

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылады. Тиісті шешім Италияның Милан қаласында өткен ресми жиында қабылданып, арнайы құжатқа қол қойылды.

Келісім Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі арасында жасалды. Шара Миланда өтті. Айта кетейік, бұл қала 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын орталықтардың бірі саналады.

Бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген болатын. Жарыстар ел аумағында салынып жатқан Неом қаласында өтуі тиіс еді. Бұл Сауд Арабиясы тарихындағы алғашқы қысқы Азия ойындары болмақ болатын.

Алайда қабылданған жаңа шешімге сәйкес, құрлықтағы басты қысқы спорт додасын Алматы қаласы қабылдайтын болды.

Реклама
Реклама

Материалда: