Олар киім дизайнының тым қарапайым көрінгеніне таңданыс білдірген
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсеткен France TV Direct телеарнасының комментаторлары Қазақстан құрамасының спорттық киім үлгісіне назар аударды.
Француз комментаторлары қазақстандық спортшылардың формасынан ұлттық нақыштағы дәстүрлі элементтердің байқалмағанына және киім дизайнының тым қарапайым көрінгеніне таңданыс білдірген.
Тікелей эфир барысында репортёрлердің бірі әзілдеп:
«Көк түсті қазақтар. Біз оларды дәстүрлі киіммен көреміз деп ойлаған едік. Бәлкім, дайындалуға уақыттары болмаған шығар. Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі жеңісін тойлап жатқан болар», - деп мысқылдады.
Айта кетейік, Қазақстан Олимпиадаға дайындық үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған. Ал Италиядағы төртжылдықтың басты қысқы додасында ел намысын 36 спортшы қорғайды.
Қазақстандық спортшылар төмендегі спорт түрлерінен сынға түседі: