Ең үздік көрсеткіш – 55-орын.
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан спринт бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Жарыс жолына Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.
Ереже бойынша, жарыстың ширек финалына шығу үшін алғашқы 30 спортшының қатарына ену қажет болатын. Алайда іріктеу нәтижесінде қазақстандық шаңғышылардың ешқайсысы үздік отыздыққа да кіре алмай, 50-орыннан төмен нәтиже көрсетті.
Қазақстандық спортшылар арасында ең жоғары көрсеткіш Дарья Ряжкоға тиесілі – ол 55-орын алды. Анна Мельник 58-сатыға жайғасса, Надежда Степашкина 63-орынды қанағат тұтты. Ал Ксения Шалыгина жарысты 72-орынмен аяқтады.
Әйелдер арасындағы спринттің ширек финалдық кезеңі бүгін Қазақстан уақытымен 15:45-те өтеді. Сонымен қатар бүгін ерлер арасындағы спринт жарысы да жоспарланған.