Іріктеу кезеңінде үздік 30 спортшы ғана ширек финалға жолдама алуы тиіс еді.
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы 1,5 шақырымдық классикалық спринт бағдарламасы аяқталды.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков және Виталий Пухкало қатысқанымен, ешқайсысы келесі кезеңге өте алмады.
Іріктеу кезеңінде үздік 30 спортшы ғана ширек финалға жолдама алуы тиіс еді. Алайда қазақстандық шаңғышылар бұл межеден өте алмай, жарысты ерте аяқтады.
Қазақстан спортшыларының нәтижесі:
Айта кетерлігі, қазақстандық спортшылар қар мүлде жаумайтын Гаити, Нигерия, Бразилия, Таиланд секілді елдердің өкілдерінен де төмен нәтиже көрсетті. Мысалы, бразилиялық спортшы 48-орынға жайғасты. Аргентиналық атлет 62-орыннан көрінді.
Бұл дисциплинада ең үздік уақытты Норвегия спортшысы, Олимпиада чемпионы Йоханнес Клебо көрсетті – 3:07.37. Ал ТОП-30 қатарын швециялық Йохан Хеггстрем 11 секунд артта қалып түйіндеді.
Еске салайық, осыған дейін дәл осы спринт бағдарламасында Қазақстан әйелдер құрамасы да плей-офф кезеңіне өте алмады. Ең үздік нәтиже көрсеткен Дарья Ряжко іріктеуде 55-орынға тұрақтаған еді.
Шаңғы спортынан кезекті жарыс 12 ақпанға жоспарланған.