«Арандатуға ермеді»: Загреб турнирінде қазақ балуаны көпшілікті таңқалдырды

Редактор
11.02.2026, 15:42

Отандасымыз түркиялық үш дүркін Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді

ҰОК

Загреб турнирінде грек-рим күресінен қола жүлде иеленген Қазақстан балуаны белдесу барысында арандату әрекетіне бой алдырмады.

130 келіде күрескен Олжас Сырлыбай Грузин балуанмен кездесуде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алайда жекпе-жек кезінде отандасымызды қарсыласы түрлі құйтұрқы әрекетпен арандатпақ болды. Тіпті, кездесу соңына таман оны білегімен ұрып жіберді.

Соған қарамастан Олжас Сырлыбай барын салып, кездесуде өз мүмкіндігін толық пайдаланып, жеңіске жетті. Қызылорда облысының өкілі аталған бәсекеде жартылай финалға дейін жеткен еді.

Алайда ол финал жолдамасын түркиялық үш дүркін Олимпиада жүлдегер Риза Каялппен сарапқа салып, 4:0 есебімен жол берді.

Әлеуметтік желіде балуанның бейнежазбасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың көбі Сырлыбайдың салмақты кейпіне сүйсінсе, енді бір легі грузин балуанын тәртіптік жазаға тарту керектігін алға тартты.

 

Реклама
Реклама

Материалда: