Өзбекстан астанасындағы бәсекеде әлемнің 31 елінен 268 спортшы күреседі
27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтетін дзюдоның ірі турнирінде әлемнің танымал балуандары сынға түседі. Олардың ішінде екі дүркін Олимпиада чемпиондары жапониялық Хифуми Абэ (66 кг) мен грузин Лаша Бекаури (-90 кг), Әзербайжан балуандары Хейдаят Гейдаров (-73 кг) пен Зелим Коцоев (-100 кг) Ташкентте басты фаворитке баланып отыр.
Бұдан бөлек, ерлер арасында +100 келіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Әлішер Юсупов пен швециялық Тара Бабулфат (-48 кг) татамиге шықпақ. Әлем чемпиондары, италиялық Скутто Ассунто (48 кг), грузиялық Этери Липертелиани (57 кг) аталған сында өз мүмкіндіктерін кезекті рет байқап көреді.
Ерекше айта кететін жайт, өткен жылы әлем чемпионатының ширек финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэге бұл сында Тәжікстан балуаны Обид Джебовтан қарымта есе қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Тәжік балуаны 66 келіде үздіктер көшінде екінші сатыға жайғасса, жапон балуаны үшінші орында тұр. Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эмомали Нурали 66 келінің үздігі ретінде тіркелген.
Айта кететін жайт, Ташкент Гранд Слэміне Қазақстан құрамасы қатысады. Олардың қатарында Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар (60 кг), Ақылжан Жұбатқанов, Нұрқанат Серікбаев (66 кг), Аңсарбек Ғайнулин, Әнуар Жұмагелдин (73 кг), Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов 81 кг), Бағжан Байтас, Бейбіт Мәдиев (-100) және Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев (+100 кг) сынды балуандар бар.
Өзбекстан астанасындағы бәсекеде әлемнің 31 елінен 268 спортшы күреседі деп күтіліп отыр.