Клебо 15 ақпанда эстафетада тоғызыншы алтынын алған
Норвегия өкілі Йоханнес Клебо Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында командалық спринтте жеңіске жетіп, спорттық мансабындағы оныншы алтын медалін иеленді.
Ол бұл жарыста отандасы Эйнар Хедегартпен бірге өнер көрсетті. Норвегиялық дуэт 18 минут 28,9 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды америкалықтар Бен Огден мен Гас Шумахер (+1,4 секунд) иеленсе, үшінші орын италиялық Элия Барп пен Федерико Пеллегриноға (+3,3 секунд) бұйырды.
Клебо 15 ақпанда эстафетада тоғызыншы алтынын алып, қысқы Олимпиада рекордын жаңартқан еді. Ал командалық спринттегі жеңіс оның оныншы алтын медаліне айналды.
Италиядағы қысқы Олимпиадада Клебо бұған дейін спринтте, скиатлонда және 10 шақырымдық еркін стиль жарысында да топ жарған болатын.