«Садулаев пен Снайдер бар». Ризабек Айтмұқанның алғашқы қарсыласы анықталды

Редактор
Бүгін, 08:33

Бұл жекпе-жек турнирдің ең қызықты қарсыласуларының бірі болмақ.

Фото: PWL

25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Албания астанасы Тиранада өтетін беделді халықаралық турнир – Muhamet Malo Ranking Tournament аясында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның (97 кг) алғашқы қарсыласы анықталды.

Іріктеу кезеңінде Айтмұхан грузиялық балуан Андро Маргишвилимен белдеседі.

Бұл жекпе-жек турнирдің ең қызықты қарсыласуларының бірі болмақ.

97 келі салмақта әлемдік деңгейдегі бірқатар атақты балуандар бақ сынайды. Атап айтқанда:

  • Абдулрашид Садулаев (Ресей)
  • Кайл Снайдер (АҚШ)
  • Магомедхан Магомедов (Әзербайжан)
  • Ризабек Айтмұхан (Қазақстан) – Андро Маргишвили (Грузия) – квалификация
  • Айтмұхан/Маргишвили жұбының жеңімпазы – Вики Вики (Үндістан) – 1/8 финал

Спортшы туралы дерек:

  • Туған күні: 29 сәуір 2004 жыл
  • Туған жері: Қызылжар ауданы, Кішкенекөл ауылы (СҚО)
  • Өкілі: Астана
  • Жеке бапкері: Канат Жолдасбай (әкесі)

Халықаралық жетістіктері:

  • Азия чемпионаты U-15 – қола (2019, 75 кг)
  • Азия чемпионы U-23 – 2 дүркін (2022, 2023 – 92 кг)
  • Азия чемпионаты – 3 дүркін күміс жүлдегер (2023 – 92 кг; 2024, 2025 – 97 кг)
  • Әлем чемпионаты U-20 – күміс (2023 – 92 кг)
  • Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы (2023 – 92 кг)
  • Әлем чемпионы U-20 (2024 – 97 кг)
  • Әлем чемпионы U-23 (2024 – 97 кг)
  • Әлем чемпионаты U-23 – қола (2025 – 97 кг)
  • Исламиада финалисі (2025 – 97 кг)
  • Super 4 Wrestling коммерциялық турнирінің жеңімпазы (2026 – 97 кг)

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Реклама
Реклама

Материалда: