Қасым-Жомарт Тоқаевты енді джиу-джитсудан әлем чемпионы күзетеді

Редактор
10.02.2024, 22:34

Президент күзетшілерінің басым көпшілігі экс-спортшылар

Akorda.kz

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – президент күзетінің басшысы болып Роман Төреханов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кету керек, Төреханов мемлекеттік күзет қызметінде жүріп 2016 жылы джиу-джитсудан әлемнің абсолютті чемпион атанған.