Жарнама
Жарнама

Ташкенттегі Grand Slam: 81 келіде күрескен екі балуан да жеңіліп қалды

Редактор
28.02.2026, 13:40

Ол канадалық спортшыға есе жіберді.

Нұрғали Жұмағазы

Ташкент қаласында (Өзбекстан) басталған дзюдодан беделді халықаралық Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні де Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды.

81 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған қазақстандық балуан Мәди Амангелді жүлдеге таласу мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол 1/16 финал кезеңінде қытайлық Цзяннан Ван қарсыласынан жеңіліп қалды.

Бұған дейін дәл осы салмақта тағы бір отандасымыз Аскар Нарқұлов та алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді. Ол канадалық спортшыға есе жіберді.

Осылайша, 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының барлық өкілдері турнирді ерте аяқтап, медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

Алғашқы жарыс күні де нәтижесіз өтті

Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы күнінде 60 және 66 келі салмақ дәрежелерінде белдескен төрт бірдей қазақстандық спортшы алғашқы белдесулерінде жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

60 келі

  • Мағжан Шамшадин – бахрейндік Руслан Полторацкийге «асэ-коми» (ұстап тұру әдісі) арқылы жол берді.
  • Талғат Орынбасар – өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровтен «юко» есебімен жеңілді.

66 келі

  • Нұрқанат Серікбаев – өзбек балуаны Бобур Ваджиевке екі «юко» ұпайын жіберіп қойды.
  • Ақылжан Жұбатқанов – бразилиялық Рональд Лимаға есе жіберді.
Реклама
Реклама

Материалда: