European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімі жарияланды
Польшаның Варшава қаласында өтетін European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімі жарияланды. Аталған додаға Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 33 балуан қатысады.
Олардың қатарында Париж Олимпиадасына қатысқан Кәмила Берліқаш та бар. Белгілі спортшы төртжылдықтың басты бәсекесінен кейін ана атанып, былтыр татамиге қайта оралған еді. Ел чемпионатында күміс жүлде иеленген балуан әйелдер арасында аса ауыр салмақта өз әлеуетін тағы бір мәрте сынап көрмек.
Айта кетейік, турнир 14–15 наурыз күндері өтеді.
Ерлер:
60 кг: Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев
66 кг: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр
73 кг: Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 кг: Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов
90 кг: Ақжол Дүйсенбаев, Данил Крылов, Айбол Нысанәлі
100 кг: Асқар Біржанов
+100 кг: Санжар Жабборов
Әйелдер:
48 кг: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай
52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 кг: Карина Қаракенова
63 кг: Асылжан Орынбасарова, Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова
70 кг: Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова
78 кг: Шынар Абатова, Аруна Жангельдина
+78 кг: Кәмила Берліқаш