WADA бірнеше жыл бұрын Қазақстан ауыратлеттерін жаппай Олимпиада алтынынан айырған болатын
Қазақстанның спорт министрлігі мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында өткен жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында өтті. Құжатқа министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька арасындағы кездесу барысында қол қойылды.
«Біздің белсенді ынтымақтастығымыз өткен жылы Астанада Мемлекет басшысының жылы қабылдауынан бастау алды деп есептеймін. Допингке қарсы зерттеулердің дамуына көрсеткен қолдауы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұлғасында Қазақстанға алғысымды білдіремін. Бұл келісім Қазақстанның өңірде таза спортты дамытудағы жетекші рөлінің нығайып келе жатқанын көрсетеді», — деді Витольд Банька.
Сонымен қатар, тараптар 2027 жылы Астанада WADA-ның Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады.
Ербол Мырзабосынов Қазақстанның адал бәсекелестік қағидаттарын ұдайы ұстанатынын және допингке қарсы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті.