Бұған дейін Махмудов жапониялық Нисами Хорикитамен күресте 7:3 есебімен жеңіске жетті.
Қырғызстан астанана Бішкекте күрес түрлерінен Азия біріншілігі ресми түрде ашылды. 6-12 сәуір күндері аралығында өтетін чемпионатты грек-рим күресінің балуандары бастады.
Бүгін классикалық күресу балуандары 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде сынға түсіп жатыр.
77 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Қаһарман Қисметов турнирді ширек финалдан бастап, алғашқы белдесуін қырғыздың танымал балуаны Ақжол Махмудовпен өткізеді.
Өз кезегінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Махмудов жапониялық Нисами Хорикитамен күресте 7:3 есебімен жеңіске жетті.
Ал 55 келіде Нұрзат Қабдырахимов парсы балуаны Хусейнвандпен беледсуде 4:0 есебімен жол берді.
63 келі Сайфулла Құрман Үндістан балуаны Сунни Кумарды 6:2 есебімен жеңді. Белдесудің соңғы сәтінде үнді бапкері челлендж басып, төрешілер отандасымызға тағы бір ұпай берді.
87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы кездесуін Оңтүстік Корея балуанына қарсы өткізсе, 130 келіде Джохар Уразов Жапониямен өкілімен шеберлік байқасады.
Айта кетейін, аталған Азия чемпионатына күрес түрлерінен ҚР ұлттық командасының балуандары толық құраммен қатысып жатыр.