Жарнама
Жарнама

Азия чемпионаты: Отандық еркін күрес балуандары іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Редактор
11.04.2026, 11:36

Екі балуан - Асыл Айтақын мен Дәулет Ергеш жүлделі орыннан үмітін үзді

Қазақстан күрес федерациясы

Бішкектек күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының үш балуаны іріктеу кезеңін сәтті бастады. 

Еркін күрес бәсекесінде Ернұр Нұрғазы (74) Түркіменстан балуанын 10:1 есебімен жеңді. Енді ол ширек финалда өзбек спортшысымен жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.

86 келіде Болат Сақаев Оңтүстік Корея балуанын 11:0 есебімен басым түсті. Келесі айналымда ұлттық құрама мүшесі Солтүстік Корея өкілімен кездеседі. 

92 келіде Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда Моңғолия құрамасының спортшысымен күреседі.

125 келіде Едіге Қасымбек Моңғолия балуанымен тартысты кездесу өткізді. Нәтижесінде отандасымыз 2:2 нәтижесін тіркеп, ширек финалға шықты. Енді Қасымбек жартылай финалға шығар жолда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Иран балуаны Амир Хуссейнмен шеберлік байқасады.

Өкінішке қарай, 61 келіде Асыл Айтақын жапониялық балуаннан жеңілсе (6:2), Дәулет Ергеш (79 кг) жұбаныш белдесуінде Моңғолия өкіліне 15:2 есебімен жеңіліп, Азия біріншілігін 7-орынмен аяқтады.

Реклама
Реклама