Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирін екінші орынмен аяқтады

Редактор
Бүгін, 09:59

Үндістандық Вайшали Рамешбабу турнир жеңімпазы атанды

t.me/bibissarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пейя қаласында өткен 2026 жылғы үміткерлер турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Турнирдің шешуші сәті 15 сәуірде өткен соңғы, 14-турда айқындалды. Қорытынды партияда Асаубаева үндістандық Дивья Дешмухпен тең ойнап, 8 ұпаймен жарысты аяқтады.

Ал турнир жеңімпазы атанған үндістандық Вайшали Рамешбабу соңғы турда ресейлік Екатерина Лагноны ұтып, жалпы есепте көш бастады. Осылайша, ол әлем чемпионы атағы үшін қазіргі чемпион — қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болды.

Еске салайық, Цзюй Вэньцзюнь 2018 жылдан бері әлем чемпионы. Ол 2025 жылдың сәуірінде отандасы Тань Чжунъиді жеңіп, титулын тағы бір мәрте сәтті қорғаған болатын.

Реклама
Реклама