Жарнама
Жарнама

Азия чемпионаты: Қазақстандық екі дзюдошы жартылай финалға шықты

Редактор
Бүгін, 11:37

Дзюдошылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі

ҚДФ

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі балуаны жартылай финалға шықты.

Ерлер арасында 81 келіде белдескен Әділет Алмат пен әйелдер арасында 63 келіде сынға түскен Есмигүл Куюлова іріктеу кезеңдерінен сәтті өтті.

Әділет Алмат алғашқы белдесуінде қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевті жеңсе, ширек финалда ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Жұбаназардан басым түсті. Енді жартылай финалда тәжікстандық Хожазода Бехрузимен белдеседі.

Ал Есмигүл Куюлова жарысты ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Ким Еджиді жеңді. Финалға жолдама үшін отандасымыз солтүстіккореялық Ким Джи Хемен белдеседі.

Сонымен бірге, Есет Қуанов (73 кг), 57 келіде Дана Әбдірова мен Бақыт Құсақбаева, Самалай Ерғалиева (63 кг), Ажар Асхат (70 кг) алғашқы айналымда есе жіберді.

Кеше Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлде үшін күресіп, бесінші орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама