Баку Grand Slam турнирінде Қазақстан дзюдошыларының қарсыласы белгілі болды

Редактор
16.02.2024, 11:26

Жарыстың жүлде қоры – 154 000 доллар

Фото ашық дереккөзден

Бакуде дзюдодан бүгін басталатын Grand Slam турнирінің жеребесі тартылды. Аталған сында күресетін Қазақстан дзюдошыларының қарсыластары анықталды деп жазды Olympic.kz сайты. 

Жексенбі күні аяқталатын бәсекеға 64 мемлекеттің 413 спортшы қатысады. Жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларына жететін бәсекедегі балуандарымыздың қарласылатыры төмендегідей:

60 келі.

Дәурен Сүйеукенов - Симоне Аверса (Италия)

Бауыржан Нарбаев - Мұхаммедсалех Кубатов (Тәжікстан)

66 келі

Сұңғат Жұбатқан - Шуген Накано (Филиппин)

Алмас Ғалымов - Адриан Нето Чинарро (Испания)

73 келі

Жансай Смағұлов - Киприанс Андреу (Кипр)

Бақытжан Әбдірахманов - Испания-Әзірбайжан балуандары жұбының жеңімпазы

81 келі

Айбол Нысаналы - Муса Шимшек (Түркия)

Аңсарбек Ғайнуллин - Адриан Гандия (Пуэрто-Рико)

90 келі

Ермахан Әнуарбеков - Хасан Халмурзаев (Ресей)

Мұхамедәлі Мавлидов - Аксель Клергет (Франция)

-100 келі

Ислам Бозбаев - Георгис Крусаниотакис (Кипр)

Әділет Сапарғалиев - Михаэль Коррел (Нидерланд)

+100 келі

Еламан Ерғалиев - Сауд Мане (Сауд Арабиясы)

Әділ Оразбаев - Йоханнес Фрей (Германия).

Материалда: