Жарнама
Жарнама

«850 мың адамы бар»: Танымал жайдарманшының күрес федерациясына басшы болуына не себеп болғаны айтылды

Редактор
Бүгін, 09:38

Түркістан облыстық күрес федерациясы ресми пікір білдірді

әлеуметтік желі

Түркістан облыстық күрес федерациясының төрағасы Нұрбол Еребаев жайдарманшы Мансар Орынханның тағайындалуына қатысты ресми пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл шешімде Мансардың медиа кеңістіктегі ықпалы мен әлеуеті негізгі фактор ретінде қарастырылған. Әсіресе, Instagram желісіндегі 850 мыңға жуық оқырман қауымы күрес спортына жаңа аудитория тартуға мүмкіндік береді.

«Қазір енді өте көп талқыланып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, облысымызда 2 миллиондай тұрғын болса, Мансар бауырымыздың Instagram парақшасында 850 мың жазылушысы бар. Ертең кез келген турнирімізге барып, балуандарымыздың белдесуін түсіріп, аға жаттықтырушылардың сөзін елге жеткізетін осы бауырымыз. Залға әрі кетсе ең көп дегенде 5-10 мың адам жиналады, ал Instagram-да өте көп қаралып, күреске серпін береді деген ойдамын. Сол мақсатта тағайындаған едік», – деді Түркістан облыстық күрес федерациясының төрағасы.

Айта кетейік, танымал актер, жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болған еді. Дегенмен, көпшілік бұл тағайындауға қатысты сын айтқан еді.

 

Реклама
Реклама

Материалда: