Жарнама
Жарнама

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері атанды

Редактор
28.04.2026, 18:14

Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар

ҰОК

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық дисциплинасында 4,81 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Яғни, бір алтын, бір күміс және төрт қола.

Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңі саналады.

Реклама
Реклама

Материалда: