Ол алтын жолақты кимономен өнер көрсетеді
Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде жанкүйерлерді ерекше сәт күтіп тұр.
Қазақстан дзюдосының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралады.
Атақты спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан бері алғаш рет ірі халықаралық турнирдің жарыс алаңына шығып, Олимпиада чемпиондарына ғана берілетін алтын жолақты кимономен өнер көрсетеді.
Елордалық жанкүйерлер үшін бұл тек жарыс қана емес, қазақ дзюдосы тарихындағы ерекше оқиғалардың біріне айналмақ.
Ал Сметовтың қарсыласы кім болатыны әзірге құпия сақталып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дзюдо жанкүйерлеріне арнайы тосынсый дайындалған.