Жарнама
Жарнама

Аңсарбек Ғайнуллин Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Редактор
09.05.2026, 17:54

Ол Влад Митруден (Молдова) басым түсті

Дзюдо федерациясы

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты.

73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ансарбек Ғайнуллин шешуші белдесуінде Влад Митруден (Молдова) басым түсіп, өз мансабындағы алғашқы Grand Slam қола жүлдесін жеңіп алды.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түскен болатын. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Шерзод Давлатов қола медаль иеленді.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан әлемдік дода 10 мамырға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

Материалда: