Бұл жарыста 2028 жылғы Олимпиадаға лицензиялар сарапқа салынады
Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясы 2027 жылғы күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатының ұйымдастырушысы ретінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласын таңдады.
Әлем біріншілігі 11-19 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл жарыста 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына берілетін алғашқы лицензиялар сарапқа салынады. Халықаралық федерацияның ережесіне сәйкес, әр салмақ дәрежесінде жүлдеге іліккен балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады.
Сондай-ақ федерация 2027 жылғы жас ерекшеліктері бойынша өтетін әлем чемпионаттарының орындарын да бекітті.
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Иордания астанасы Амманда ұйымдастырылады. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жаһандық дода Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді. 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігін Румынияның Брашов қаласы қабылдайды.