Жарнама
Жарнама

Михаил Шайдоровтың басты қарсыласы үзіліс алатынын мәлімдеді

Редактор
Бүгін, 12:12

Илья Малинин соңғы жылдардың ауыр өткенін атап өтті

Jared C. Tilton/2026 Getty Images

2026 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Илья Малинин алдағы маусымда кәсіби мансабына уақытша үзіліс жасауы мүмкін екенін айтты. Америкалық мәнерлеп сырғанаушы соңғы бірнеше жылдың ауыр өткенін жасырмады.

«Жарыстарға қатысу мәселесіне келсек, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Қазір мәнерлеп сырғанаудан сәл демалғым келеді. Соңғы төрт жыл өте ауыр өтті», – деді Малинин Olympics.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2026 жылы Италияда өткен Олимпиадада Илья Малинин АҚШ құрамасымен бірге командалық сайыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Алайда жекелей сында басты фавориттердің бірі саналған спортшы небәрі сегізінші орынмен шектелді.

Ал ерлер арасындағы жекелей бағдарламада Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық Михаил Шайдоров болды.

Реклама
Реклама