Абай облысында Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған турнир өтті
Абай облысының Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Мәжіліс депутаты, әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті.
Дүбірлі додаға Қазақстанның 12 облысынан және үш мемлекеттен келген 250-ге жуық жас балуан қатысты. Жас спортшылар кілем үстінде өз шеберлігі мен жігерін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді.
Спорттық шара аясында Қалбатауда ашық аспан астында үлкен гала-концерт ұйымдастырылды. Сахнада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті.
Концерт барысында Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға автокөлік сыйлап, көпшілікті таңғалдырды.