Отандасымыз жартылай финалда Иордания өкілі Жаафар әл-Даудқа есе жіберді
Еркебұлан Еңсегенов ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда басталған таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Ұлттық құрама спортшысы Еркебұлан Еңсегенов -54 кг салмақта үздік үштікті түйіндеді. Алғаш рет ересектер санатында құрлық бәсекесінде күш сынаған отандасымыз аса тартысты жартылай финалда Иордания өкілі Жаафар әл-Даудқа есе жіберді. Есеп: 1-2.
Бүгін іріктеуде Еңсегенов Қытай және Филиппин спортшысынан басым түсті.