Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева әлемнің мықтыларын артқа тастап, көш бастады

Редактор
Бүгін, 18:39

Отандасымыз Norway Chess Women 2026 турнирін сәтті бастады

әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан Norway Chess Women 2026 турнирін сәтті бастап, алғашқы турдан кейін жеке-дара көш бастады.

Бірінші айналымда отандасымыз үндістандық тәжірибелі гроссмейстер Хампи Конерумен қара тастармен ойнап, классикалық партияда сенімді жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Асаубаева турнир кестесінде 3 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Қазіргі турнирлік кесте төмендегідей:

  1. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 3 ұпай
  2. Дивья Дешмукх (Үндістан) — 1,5 ұпай
  3. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 1,5 ұпай
  4. Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 1 ұпай
  5. Анна Музычук (Украина) — 1 ұпай
  6. Хампи Конеру (Үндістан) — 0 ұпай.

Айта кетейік, турнирде ерекше ұпай жүйесі қолданылады. Классикалық партиядағы жеңіс үшін 3 ұпай беріледі. Егер негізгі ойын тең аяқталса, шахматшылар «армагеддон» форматында қосымша партия өткізеді. Мұнда жеңімпаз 1,5 ұпай алса, жеңілген ойыншыға 1 ұпай жазылады.

Биылғы Norway Chess Women 2026 жарысында барлығы 10 тур ойналады. Алты шахматшы қатысатын дода екі айналым жүйесімен өтеді және турнир 5 маусымға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама