Жарнама
Жарнама

«Әлемнің аңыздары мені қолдап отыр»: Хамитов Царукянға сес көрсетті

Редактор
Бүгін, 14:19

Қуат Хамитов пен Арман Царукян жекпе-жек күрес ережесі бойынша өтеді

Видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Грузия астанасы Тбилисиде өтетін RAF (Real American Freestyle) турнирі алдында Арман Царукянға қатысты пікір білдірді.

Хамитовтың айтуынша, қарсыласының грек-рим күресіне байланысты айтқан сөздерінен кейін оған әлемдік деңгейдегі танымал спортшылардан қолдау келіп түскен.

«Арман сенің «грек-рим күресіненсің, сен де балуан емессің» деген сөзіңнен кейін маған көптеген аңыз спортшылар жазды. Олардың арасында Рэнди Кутюр, Дэн Хендерсон, Джон Джонс, Александр Волкановски, бес дүркін Олимпиада чемпионы Михайн Лопес, Роман Власов, Армен Назарян, Хамза Ерликая және басқалар бар. Барлығы оның сөзімен келіспей, мені қолдады», – деді Хамитов.

Спортшының айтуынша, бұл жағдай грек-рим күресі өкілдерінің наразылығын тудырып, 11 шілдеде өтетін белдесуге қосымша мотивация берген.

«Сол себепті біз оған жауап бергіміз келеді. 11 шілдеде Грузияда RAF турнирінде кездесеміз. Арман, біз сені күтеміз», – деп түйіндеді қазақстандық файтер.

Айта кетейік, Қуат Хамитов пен Арман Царукян арасындағы бұл жекпе-жек күрес ережесі бойынша өтеді деп жоспарланған.

Реклама
Реклама