Жарнама
Жарнама

АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық жүзушілер 4 медаль жеңіп алды

Редактор
10.06.2026, 10:06

Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді

ҰОК

Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі. Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.

Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.

200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды. Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.

Реклама
Реклама

Материалда: