Жарнама
Жарнама

Турлов Асаубаеваны қаржыландырудан неге бас тартқанын түсіндірді

Редактор
Бүгін, 12:11

Тимур Турлов Бибісара Асаубаеваға қатысты дауға алғаш рет пікір білдірді

 

Offside.kz

Қазақстан шахмат федерациясының президенті, кәсіпкер Тимур Турлов шахматшы Бибісара Асаубаева көтерген қаржыландыру мәселесіне қатысты алғаш рет пікір білдірді.

Турлов Facebook-тегі парақшасында спортшыны жеке қаражатынан қаржыландырудан неге бас тартқанын түсіндірді. Оның айтуынша, федерация тарапынан бөлініп отырған қолдау шахматшының кәсіби мансабын жалғастыруы үшін жеткілікті болған.

«Федерация желісі арқылы бөлініп жатқан қаржы кәсіби мансапты жалғастыруға жеткілікті деп есептедім. Бұл тек менің жеке пікірім емес. Мен бұл мәселені FIDE және ірі шахмат федерацияларының басшыларымен талқыладым. Мен үшін бұл – қайырымдылық. Егер спортшы шахматтан тек жүлде қорымен ғана емес, тұрақты табыс тапқысы келсе, коммерциялық демеушілермен жұмыс істеуі қажет. Ондай демеушілер бар, бірақ оларды тарту үшін еңбек ету керек», – деп жазды Турлов.

Еске салайық, 10 маусым күні Бибісара Асаубаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, қаржыландырудың қысқарғанына, Туризм және спорт министрлігі мен федерацияның әрекетсіздігіне, сондай-ақ мемлекеттік марапаттың табысталуы кешіктіріліп жатқанын айтқан болатын.

Кейін Туризм және спорт министрлігі арнайы брифинг өткізіп, соңғы үш жыл ішінде шахматшының дайындығы мен жарыстарға қатысуына шамамен 700 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінгенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама