Жарнама
Жарнама

Қазақстандық шпагашылар Азия чемпионатының алтынына таласады

Редактор
23.06.2026, 16:14

Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен сынға түседі

Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден финалға шықты.

Командалық жарыстың жартылай финалында қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасын 45:33 есебімен жеңді.

Енді алтын медаль үшін өтетін шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен сынға түседі.

Айта кетейік, бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғауда.

Реклама
Реклама

Материалда: