Жарнама
Жарнама

Азия чемпионатында Қазақстанның үш балуаны алтын үшін күреседі

Редактор
Бүгін, 15:03

Екеуі қола медаль үшін белдеседі

ҰОК

Таиландтың Паттайя қаласында еркін күрестен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасуда.

Бүгін, 5 шілдеде бес отандасымыз жарыс жолына шықты. Нәтижесінде үшеуі алтын медаль үшін сынға түссе, екеуі қола медаль үшін белдеседі.

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек жартылай финалда Алиасгара Солтаниді (Иран) жеңді. Енді ол ақтық сында үндістандық Пушппен күреседі.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков 1/2 финалда Адарш Патилден басым түсті. Енді финалда ирандық Мохаммад Мамивандпен кездеседі.

Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали жартылай финалда Өзбекстан өкілі Улугбек Ортиковты түзе бүктірді. Осылайша ол финалда Довлетгельды Мурадовпен (Түрікменстан) күш сынасады.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев 1/2 финалда ирандық Аболфазл Хадживандқа жол берді. Енді ол Сахил Далалмен (Үндістан) қола жүлдеге таласады.

125 келіге дейінгі салмақта Риза Изахар жартылай финалда ирандық Аболфазл Мохаммаднежадқа есе жіберді. Осылайша ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде Наратулга Дармаабазармен (Моңғолия) күреседі.

Реклама
Реклама