Жарнама
Жарнама

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысы атағына үміткер

Редактор
16.07.2026, 20:01

22 жастағы спортшы әлемнің ең мықты он шахматшысының шорт-листіне енгізілді

Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) FIDE Excellence Awards сыйлығының «Жылдың үздік шахматшысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді.

22 жастағы спортшы әлемнің ең мықты он шахматшысының шорт-листіне енгізілді. Үміткерлер 2024 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың тамызы аралығындағы көрсеткен нәтижелері бойынша іріктелген.

Асаубаевамен бірге бұл марапатқа әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (Қытай), әлемнің вице-чемпионы Александра Горячкина, Әлем кубогының жеңімпазы Дивья Дешмух (Үндістан), экс-әлем чемпионы Тань Чжунъи (Қытай) және өзге де жетекші шахматшылар үміткер атанып отыр.

Есепті кезеңде Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінде чемпион атанып, 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ ол FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастап, мансабында алғаш рет ФИДЕ-нің әлемдік рейтингінің алғашқы бестігіне енді.

FIDE Excellence Awards сыйлығының жеңімпаздары қыркүйек айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аясындағы салтанатты рәсімде жарияланады.

Реклама
Реклама