Жарнама
Жарнама

Демеу Жадраев Будапештегі турнирде алғашқы белдесуінде жеңілді

Редактор
19.07.2026, 18:29

Отандасымыз түркиялық Бурхан Акбудақпен белдесті

ҰОК

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан рейтингтік турнирде жүлдесіз қалды.

82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жарысты 1/8 финалдан бастады. Бұл кезеңде ол түркиялық Бурхан Акбудақпен белдесіп, тартысты өткен кездесуде 6:7 есебімен жеңіліс тапты.

Кейін Акбудақ ширек финалда Бахрейн өкілі Шахин Эйдимохаммад Бадагимофрадтан 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Соның салдарынан түркиялық балуан финалға шыға алмай, Жадыраевтың жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі де жойылды.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

Реклама
Реклама