Жарнама
Жарнама

Виктор Друзин әртістік жүзуден Азия чемпионы атанды

Редактор
23.07.2026, 20:13

Отандасымыз Қытай және Малайзия спортшыларын артта қалдырды

t.me/DRSQazaqstan

Қазақстандық спортшы Виктор Друзин Бангкокта өтіп жатқан жас санаттары бойынша әртістік жүзуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз жасөспірімдер арасындағы еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті.

Виктор Друзин 245,8345 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені 223,3400 ұпаймен Қытай өкілі Ченгхи Жин иеленсе, қола медаль 155,1200 ұпай жинаған Малайзия спортшысы Хао Женг Вуға бұйырды.

Айта кетейік, Виктор Друзин – Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі. Мамандар отандасымыздан Жапонияда өтетін алдағы Азия ойындарында да жоғары нәтиже күтеді.

Реклама
Реклама

Материалда: